ҰБТ-2020 қағаз форматымен өтеді
Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов әлеуметтік желіде тараған, "2020 жылы ҰБТ электронды форматта өтеді" деген ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі уақытта біз компьютерлік тестілеуді бастау мәселесін тексеріп жатырмыз, бірақ бұл қағаз форматынан кету деген сөз емес. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде әртүрлі ақпарат жүр. Оның бәрін жоққа шығарғым келеді және маусымда ҰБТ (соның нәтижесінде оқуға грантқа түсетін түлектер анықталады) қағаз форматында өтеді", – деді Смағұлов.
Ол қағаз форматындағы тестілеуді компьютерлік тестілеуге толық ауыстыру 2021 жылға жоспарланғанын айтты.