Тазалық –табалдырықтан

Күн жылынып, қар кетісімен еліміздің түкпір-түкпірінде санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары қыза түсті. Игілікті іске әдеттегідей мектеп оқушыларынан бастап студент жастар, мемлекеттік қызметкерлер, депуттаттар, түрлі мекеме-ұйымдар мен кәсіпорын өкілдері, қарапайым тұрғындар атсалысуда. Соның ішінде Рудныйдағы кен алыбы – «ССКӨБ» АҚ-ның ұжымы биылғы сенбілікке ерекше ынтамен кірісті.IMG_2658
Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Күн сайын көркейіп келе жатқан Рудный ажары оның тазалығына да байланысты.Осыны басшылыққа алған барлық бөлімшелер айналаны ретке келтіруге бір кісідей кірісті.IMG_2487
–Айналамыз мұнтаздай болса, ауа да ластанбайды, деніміз де сау болып, жұмысқа деген ықыласымыз арта түседі. Бүгін біз әкімшілік-тұрмыстық ғимараттың маңында қыстан қалған қоқыс пен жапырақтарды жинап, жиектастар мен ағаштарды ақтаудамыз. Одан кейін шағын саябағымызға қарағайдың көшеттерін отырғызамыз. Бөлімшенің барлық учаскелерінде өтіп жатқан сенбіліктерге ұжым жүз пайыз жұмылдырылған, – дейді Сарыбай кен басқармасының жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушысы Мәди Қамбаров.IMG_2650
Жөндеу-механикалық зауытының жұмыскерлері тазалықты табалдырықтан бастап, бақылау-өткізу пункті мен шығаберістегі жол жиектерін түрлі қоқыстан тазартты.IMG_2624
 
DSC_3211– Сенбілік – барлығымыз жиналып, уақытты тиімді өткізудің, қоршаған ортаға қамқорлық көрсетудің тамаша мүмкіндігі. Мұны әріптестеріміз жақсы түсінгендіктен, әр істі тиянақты, үлкен жауапкершілікпен атқаруда. Сәуір айының соңына дейін негізгі жұмыстарды аяқтап, зауыт пен турбазаның аумағын көгалдандыруға көшеміз, – дейді шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Анатолий Терехов.IMG_2681
Адам жанының тазалығы тәнiнiң тазалығынан бастау алатыны секiлдi айналамыз таза болса, көңiлiмiз де таза жүретіні анық. Сол себепті қала мен өнеркәсіптік аумақтың тазалығын сол қалпында ұстағымыз келсе, сенбіліктерге атсалысып, қоқысты арнайы жәшіктерге ғана тастауға шақырамыз дейді кеншілер.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓