Мазут емес, көмір
Арқалық бұдан былай көмірмен жылытылады. Бұл туралы олбыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстық мәслихаттық кезектен тыс сессиясында айтты. Аймақ басшысының мәліметінше, қаланы мазутпен қамтуға соңғы жылы 2,5 млрд теңге жұмсалған. Сұйық отынның тоннасы биыл 50-ден 90 мың теңгеге дейін өскен.
"Бұл бюджетке ауыр соққы, – деді А.Бегежанұлы. – Сондықтан "ҚазМұнайГазбен" мамыр айына дейін ғана мазут тұтынуға келісімге тапсырдым. Ал 2020-2021 жылдары біз Арқалықты көмірмен жылытуды бастаймыз. Жоба құны 7 млрд 600 млн теңге болғалы отыр. Әрі қарай алдымызда жобаның "Жол картасын" құрып, таңдалған мердігерлермен жұмыс істеу міндеті тұр".