Облыс әкімінің есеп беру жиыны басталды (ТІКЕЛЕЙ ЭФИР)
Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың халық алдында есеп беру жиыны басталды. Бұл жиынды "Қостанай таңы" сайты тікелей эфир арқылы көрсетілуде!
Аймақ басшысы тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтқандай, былтыр «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы бойынша елді мекендерді сумен қамтуды жақсарту үшін 10 нысан қайта жаңғыртылды. Оған бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінді.
– Биыл елді мекендерді сумен жабдықтауға айрықша көңіл бөлінеді. 2017 жылы 5,7 мың адам тұратын 6 ауылға ауыз су жеткізілді. 2018 жылы сумен жабдықтау және суды бұру объектілерін дамытуға бюджеттен 5,6 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға Аманқарағай, Торғай, Есір, Антонов, Пешков, Шолақсай сияқты шалғай ауылдарға ауыз су жүргізіледі, – деді облыс басшысы.
Биыл Қостанайда қуаттылығы тәулігіне 73 мың текше метр болатын №5 кәріз сорғы стансасы салынды. Алғаш рет 500-ден астам адам тұратын бір ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылды.