Көп балалы аналарға көмек
Қоғамдық жұмысқа тартылатын азаматтардың, кем дегенде, 30%-і көп балалы ана болуы тиіс. Мұндай тапсырманы аймақ басшысы А.Мұхамбетов міндеттеп отыр.
2019-2021 жылдары облысқа респбликалық бюджеттен бөлінетін қаржының 98,7 млн теңгесі қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтардың айлығын көтеруге бағытталады. Жоспар бойынша, олардың жалақысы 1,5 есеге дейін артпақ.
"Менің тапсырмам бойынша, қоғамдық жұмысқа тартылатын жандардың, аз дегенде, 30%-і көп балалы аналар болуы керек. Олар 4-5 сағаттық кестемен барынша жеңілдетілген жұмыс істеп, айына 60-70 мың теңге табыс табуы тиіс. Бұл олар үшін үлкен қолдау болар еді", – деді облыс әкімі.