Еріктілердің көмегі

Індетпен күресте еріктілердің де көп көмегі тиіп жатқаны жасырын емес. Сондықтан, ел басына төнген қазіргідей қиын жағдайда жүрегі жылуға толған мұндай жандардың ісі ерлікпен пара пар дер едік. Қостанайда да еріктілерден құралған топ ауруханаларда оттегі баллондары мен дәрі-дәрмек тасуға өз жәрдемдерін тигізуде. Күн сайын провизорлық ауруханаларда жиырмаға жуық ерікті 80 келілік жүздеген баллондар мен гуманитарлық жүктерді түсіруге көмектеседі.
волонтер2
-Осындай қиын кезеңде бірлік танытуымыз қажет. Сонда ғана қауіпті індетті ауыздықтаймыз. Қазір вируспен күресте дәрігерлердің алғы шепте жүргені мәлім. Қазіргідей қиын жағдайда жұмысшы қолы жетпей, көмек қолын сұрап жатқан провизорлық стационарлардың үндеуіне біздің Жастар саясаты басқармасы алғашқылардың бірі болып үн қосты. Тіпті, басшымыз Марат Жұрқабаев кезекті еңбек демалысының алғашқы күндері достарымен бірге ауруханада оттегіні түсіруге көмектесті. Кейін бұл іске менің де атсалысуымды сұрады.  Әрине, мұндай кезде қол қуысырып, қарап отырғанымыз жарамас. Жақындарымыз бен жанымыздағылардың амандығы маңызды, – дейді жастар саясаты басқармасы басшысының м.а. Саят Шаймұрынов.
волонтер
“Жас келсе – іске” демекші, ерікті бірден бейне хабарлама арқылы провизорлық стационарларға оттегі толтырылған баллондарды, дәрі-дәрмек өнімдерін тасу жұмыстарына адам қажет екенін айтып, әлеуметтік желілерге жазба қалдырған болатын. Осылайша, еріктілер  “Дәрігерлерге көмек” акциясын іске қосты.  Содан көмек қолын созуға даяр жандар да көптеп хабарласа бастаған көрінеді. Бүгінде ерікті ретінде жәрдемдесуге мәдениет қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, студенттер, өрт сөндірушілер сияқты әртүрлі мамандықтағы адамдар атсалысуда.  
волонтер3
Күн сайын қалалық ауруханаға 80, ал облыстық ауруханаға 120 оттегі баллоны келіп түседі, еріктілер салмағы 80 келі болатын осындай баллондарды түсіруге және тиеуге көмек көрсетеді. Олар баллондарды түсіруден басқа тіркеу бөлімінде де жұмыс істейді, онда сырқаттардың мәліметтерін компьютерлерге енгізеді, сондай-ақ азық-түлік, су, дәрі-дәрмек түріндегі гуманитарлық жүктерді түсіруге де көмектеседі.  Мәселен, 15 шілде күні еріктілер облыстық ауруханамен бірлесе отырып Қытайдан келген 20 тонна гуманитарлық көмекті түсіруді жүзеге асырды, оған 10 волонтер қатысты. Қостанай қаласының бей-жай қарамайтын тұрғындары медицина қызметкерлеріне бір реттік ыдыс-аяқ пен жеміс-жидек түрінде де қолдау көрсетті. Апта бойы провизорлық стационарларға 106 адам көмек көрсеткен. Осы акцияға Қостанай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы, “Бако Грин” ҚҚ, волонтерлік штабтар: “Қайырымдылық Лигасы”, “Көмек доноры”, “Қайырымдылық Акселираторы”, “РЕГИОН 10”, “ДОС” іздестіру-құтқару отрядтары, еріктілер мен жастар көшбасшылары белсенді қатысты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓