Айтыстың ақтаңгері Қонысбай Әбілев – 60 жаста

Бүгін Торғайдың топқа салса бәйгені бермеген тайпалмас жорғасы атанған Қазақстанның Халық ақыны Қонысбай Әбіл туған өңіріне атбасын бұрды. Онымен бірге белгілі сатирик жазушы Көпен Әмірбек те Тобыл топырағына табан тіреді.
IMG_6491Құрметті қонақтарды  облыс әкімі Нұралы Садуақасов құшақ жая қарсы алып, 60 жасқа келген мерейтой иесін құттықтап, өңір тынысы жайында аз-кем әңгімелесті.
Жазудан жанары шаршамайтын жазушылар әдебиет, мәдениет мәселесінде біраз ойларын ортаға салды. Әсіресе, алдағы жылы 100 жылдығын атап өткелі отырған кезінде Би-ағаң – Бейімбет Майлин негізін қалаған «Ара» журналы жайында әңгіме өрбіді. Журнал редакторы Көпен Әмірбек өңір басшысы Нұралы Садуақасовқа басылым төңірегінде біраз сыр айтып, алдағы мақсаттарын баяндап берді.
 
Нұрболат Мешітбаев
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

1 Response

  1. Бакыткүл айтты:

    Туған жеріңізге қош келдіңіз! Бүгін 25.08. сағат 17.00-де І.Омаров атындағы қазақ драма театрында ақынның шығармашылық кеші өтеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓