Шығын – 5 мың бас құс
Бүгін таңғы сағат 5.11-де Рудный қалалық өртке қарсы қызмет бөліміне "Жас қанат-2006" ЖШС құс фабрикасында өрт болып жатқандығы туралы дабыл келіп түсті. Былтыр салынған 1 қабатты нысан тілсіз жау құрсауында қалған.ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 110 шаршы метрді шарпыған. Салдарынан 5126 бас құс қырылып қалды, сондай-ақ нысанның жабдықтарына залал тиді. Материалдық шығын анықталып жатыр. Адамдар зардап шеккен жоқ.
Алдын ала болжам бойынша, өртке электр желілерінің қысқа тұйықталуы себепші болуы мүмкін.