«Darmen» жүйесіне қосылыңыз

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды дамыту кезеңінде мобильдік қосымшаларды пайдалану төтенше жағдайларды алдын алу бойынша халықты жедел ақпараттандыру үшін өзекті болып саналады. Ел тұрғындарының қауіпсіздігі үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2019 жылы «Darmen» мобильді қосымшасын іске қосты.
Қосымша дауылды ескертулер мен басқа да төтенше жағдайлар, автомобиль жолдарының жабылуы туралы хабарламаларды уақтылы жіберу үшін, сондай-ақ қыс мезгілінде қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты мектептерде сабақтарды тоқтату жайында ақпарат алу үшін оқушылар мен олардың ата-аналары үшін тегін және ыңғайлы жүйе саналады. Сондай-ақ бағдарламада түрлі төтенше жағдайларда әрекет ету амалдарын ұсынады.
Қосымша хабарламаларды жедел жеткізуде жоғары тиімділігін көрсетті. Қазіргі уақытта мобильдік қосымшаны Қостанай облысының 3,5 мыңға жуық тұрғыны пайдаланады. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Darmen» мобильді қосымшасы арқылы және SMS-хабарламалар арқылы облыстағы метеогидрологиялық жағдай туралы жедел ақпаратты, дауылды ескертулерді, нұсқаулықтарды және т.б. шұғыл өзгеретін климаттық ахуал жағдайында жедел таратылған ақпараттар төтенше оқиғаларды айтарлықтай азайтып, адам өмірін сақтап қала отыра, алдын ала шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Қостанай облысының ТЖД тұрғындарды осы қосымшаны пайдалануға белсенді қатысуға шақырады

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓