Бастан асқан борышы баспанасын саттырды

Жітіқара ауданында борышкер тұрғын атқарушылық іс жүргізу бойынша баланы күтіп-бағуға 1,5 млн теңгеге жуық қарыз болған. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА Қостанай облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.6774b1f557cc289f4834bca9f9c"Бұрын бұл іспен мемлекеттік сот орындаушысы айналысқан, бірақ талапкер өз өтінішін кері қайтарып алған. Бұрынғы жұбайы алимент төлеуге өз еркімен уәде берген, бірақ ол өз уәдесін орындамады. Әйел тағы да оны жауапқа тартуға шешім қабылдады және бұл жолы маған жүгінді. Мен бірден осы атқарушылық іс жүргізу бойынша белсенді жұмысты бастадым. Оның тұратын жерін анықтап, осы уақытқа дейін жұмыс істеген жерінің еңбекақысы туралы мәліметтер сұрадым. Үш жыл ішіндегі қарыз сомасы шамамен 1,5 млн теңгені құрайды, – дейді Жітіқара ауданы бойынша жеке сот орындаушысы Ботагөз Исмурзина.
Борышкер біраз уақыт вахталық әдіспен еңбек еткен. Қазір Жітіқара қаласына оралып, алтын өндіретін компанияға жұмысқа орналасыпты. Ұзақ түсіндіру әңгімесінен кейін жауапкер пәтерін сату арқылы қарызын төлеуге шешім қабылдады. Ол  далада қалған жоқ, ата-анасының қасына көшіп барды. Ол бұдан былай қарызын көбейтпеуге және алимент төлеуге уәде берді.
"Облыстың Жітіқара ауданының өзінде ғана өндірісте 600 алименттік іс бар. Бұлардың арасында алимент төлеуден қасақана жалтаратын аналар да бар. Осындай борышкер аналардың бірі (екі бала әкесімен бірге тұрады) өткен жылы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, шартты мерзім алып, қылмыстық жауапкершілік арқалады. Қостанай облысында "алимент" бойынша 13500 іс бар, ал жалпы қарыз сомасы 100 миллион теңгеден асады", — дейді Қостанай облысы бойынша ЖСО өңірлік палатасының басшысы Несібелі Бәсенова.
Бірақ Ботагөз Исмурзина өндірістерін  төтенше шаралар арқылы орындауға асыға қоймайды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы алимент төлеушілерге жұмысқа орналасуға көмектесуге тырысады. Мәселен, Жітіқараның  200 мың теңге қарызы бар тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасып, екі ай ішінде алименттік берешегін өтеп шыққан.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓