Жарақаты сыр берді…
"Тобыл" ФК қорғаушысы Григорий Сартаков жанкүйерлерімен Instagram желісінде қоштасты. Басты себеп – денсаулық жағдайы.
– Қоштасуға тура келіп тұр, дегенмен денсаулықты ретке келтіру керек. Соңғы рет емделемін деген үмітім бар. Қостанай туған қаламдай болып кетті. Қимай қоштасамын! – деп жазады ол.
– Қоштасуға тура келіп тұр, дегенмен денсаулықты ретке келтіру керек. Соңғы рет емделемін деген үмітім бар. Қостанай туған қаламдай болып кетті. Қимай қоштасамын! – деп жазады ол.
Григорий Сартаков "Тобылда" 2 жыл доп тепті. Өзін әмбебап ойыншы екенін көрсетті. Алайда, ескі жарақаты сыр беріп, бірнеше ота жасатты. Клуб оны 2019 жылғы маусымға қоса алмаса да, емделуге мүмкіндік берген еді. Бірақ…
– Сартаков клубтың назарында жүреді. Әзірге қоштасуға мәжбүрміз. Белгілі жағдайларға байланысты ол клубқа қайтып келе алады. Біз оны үнемі қолдаймыз, – деді "Тобыл" директоры Николай Панин.