Тасбақа тасымалдаушы тұтылды
Шекара арғы бетіне 131 тасбақа алып өтпек болған 24 жастағы қазақстандық азамат ұсталды.Бұл туралы ҚР ҰҚК шекара қызметінің сайты жазды. Оқиға Қостанай шекаралық отрядының "Қайрақ-авто" шекаралық бақылау бөлімшесінде болды. Күдікті азамат тасбақаларды чемоданға салып, оны "Фольксваген" көлігінің багажына жасырып, Челябі облысына заңсыз алып өтпекші болған. Контрабанданың нарықтық құны – 1,3 млн теңге.
Ілеспе құжаты жоқ "тірі тауар" акт бойынша Қарабалық ауданының ветеринарлық бақылау комитетінің мамандарына берілді.