Үш ауданға прокурорлар тағайындалды

Бас Прокурордың осы жылдың 17 тамыздағы бұйрығымен Қостанай облысының бірқатар аудандық прокуратураларының басшылары тағайындалды.
Алтынсарин ауданының прокуроры әділет кеңесшісі болып Серік Ғаниматов тағайындалды. Ол бұрын Меңдіқара ауданының прокуроры қызметін атқарған.
Жангелдин ауданының тумасы, прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2004 жылы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасының Жангелдин ауданы бойынша құқықтық статистиканы қалыптастырудың бас маманы лауазымынан бастады.
Жангелдин ауданы прокурорының көмекшісінің міндетін атқарушы (2005-2006), Жангелдин ауданы прокурорының көмекшісі (2006-2010), Жангелдин ауданы прокурорының аға көмекшісі (2010-2013), Қостанай облысы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры (2013-2015), облыс прокурорының аға көмекшісі (2015-2018), соңғы лауазымы Меңдіқара ауданының прокуроры (2018-қ.у.)  лауазымындарын атқарды. Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 16 жылдан асады.
Меңдіқара ауданының прокуроры әділет кеңесшісі болып Ерлан Рашидұлы Майоров тағайындалды.
Ол бұрын Қарабалық ауданының прокуроры қызметін атқарған. Арқалық қаласының тумасы, прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2010 жылы Жітіқара ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастады. Жітіқара ауданы прокурорының аға көмекшісі (2010-2012), Қостанай қаласы прокурорының аға көмекшісі (2012-2013), Қостанай облысы прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысын қадағалау басқармасының прокуроры (2013), Қостанай облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының тергеу топтарын басқару және тергеу бойынша облыс прокурорының аға көмекшісі (2013-2017),Қостанай облысы прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысын қадағалау жөніндегі ҚР Бас прокуратурасының Ішкі тергеу департаменті арнайы прокурорлар тобының тергеу топтарын басқару және тергеу бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі (2017-2018), Қарабалық ауданының прокуроры (2018-қ.у.) лауазымындарын атқарды.
Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 12 жылдан асады.
Қарабалық ауданының прокуроры әділет кеңесшісі болып Рустам Даулетханұлы Дәуітов тағайындалды. Ол бұрын Қостанай облысы прокуратурасы үкімдерінің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы қызметін атқарған.
Лисаков қаласының тумасы, прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2007 жылы Қостанай облысы прокуратурасының экономика және қаржы басқармасының маманы лауазымынан бастады. Жітіқара ауданы прокурорының көмекшісінің міндетін атқарушы (2007-2009), Жітіқара ауданы прокурорының аға көмекшісі (2009-2010), Қостанай облысы прокуратурасының қылмыстық процестің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры және аға прокуроры (2010-2012), Рудный қаласы прокурорының орынбасары (2012-2016), Қостанай қаласы прокурорының орынбасары (2016), Қостанай облысы прокуратурасының қылмыстық процестің заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры (2009-2010), (2016-2017), Қостанай облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасы облыс прокурорының көмекшісі (2017-2019), Қостанай облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасы бастығының орынбасары (2019), облыс прокуратурасы үкімдерінің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы (2019-қ.у.) лауазымындарын атқарды. Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 14 жылдан асады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓