Жол апатынан қаза тапқандардың саны неге көбейіп барады ?

Бұл туралы облыстық құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Жалпы өңірде жолдағы жағдай мәз емес. Полицейлер келтірген деректерге сүйенсек, облыста жол көлік апаты азайғанымен, жол апатынан қаза тапқандар саны көбейген. Ресми деректер бойынша, жол апатынан қаза болғандары саны 7% артқан.
жол апатыОблыстық ІІД бастығы күрт көбейген апатқа қатысты әртүрлі себептер айтады.  
– Ағымдағы жылдың 10 айында 513 көлік апаты тіркелді. Бірақ өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 6,7% төмен. Мас жүргізушілер кінәсінен болатын жол апаттары 54,1% артқан, – деді облыстық ІІД бастығы Тілеген Мәткенов. – Жол оқиғаларының күрт өсуіне адами фактор әсер етуде. Бірінші кезекте өңірдегі көліктердің саны бірнеше есеге көбейді. Мәселен, 2011 жылы 215 мың машина тіркелсе, биыл 220 мыңнан асты. Екіншіден, жолдың қауіпсіздігі мен қажетті инфра­құрылымның оған сәйкес келмеуі жағдайды ушықтыртып отыр. Үшіншіден, жол ережесіне мүлде салақ қарайтын жүр­гізушілер тым көбейіп кетті.
Айта берсек, осындай қилы-қилы тұс­тары көп.Ең өкініштісі, қандай сылтау тапсақ та жол апатынан көз жұматындарды азайта алмай отырмыз.
«Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік ақсап жатыр. Сондықтан барлық мүмкіндіктерді есепке ала отырып, әкімшілік полицияның жұмысын жақсарту қажет», деді облыс әкімі.
 Облыс прокуроры Марат Қайбжанов өңірімізде жол апатының көбеюін мынадай себептермен байланыстырады:
-Жүргізушілердің жол қозғалысы тәртібін білмейтіндіктен. Сондай-ақ азаматтарға жүргізуші куәлігі беру кезінде полицейлер бірқатар заңбұзушылықтарға жол бергенін анықтады. Мәселен, ағымдағы жылы заңсыз іс әрекет жасап, 30 адамға куәлік алып беруге көмектескен 2 полицей сотталды.
Сонымен қатар, Қостанай қаласында орнатылған 12 автоматты бақылау жүйесі орнатылған. Оның төртеуі жұмыс істемей тұр.   
Шұға Қоңқабай

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓