Шекара бұзушылар ұсталды

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысындағы департаментінің қызметкерлері 18-19 қаңтар күндері бірнеше қылмыстың алдын орады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.​2022 жылғы 18 қаңтар күні шекаралық арнайы операция аясында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысындағы департаментіне қарасты «Мағнай» шекара бөлімшесінің шекарашылары 1992 жылы туған «М» есімді ҚР азаматын мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болғаны үшін қолға түсірді.
19 қаңтар күні сағат 02:33-те ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысындағы департаментінің шекарашылары «Қайрақ» (автокөліктік) өткізу пунктінде 1981 жылы туған «В» есімді ҚР азаматының көлігін тексеру кезінде рөлдің жоғарғы жағындағы плмастмассалық құтыда әжетқана қағазына оралған гашиш есірткілік заты табылған. Жалпы салмағы – 5 грамм.
Дәл осы күні, нақ осы пункте сағат 03:47-те 1995 жылы туған «А» есімді ҚР азаматының көлігін тексеру кезінде жатуға арналған бөлікте сөмкенің қалтасынан қағазға оралған марихуана есірткілңк заты табылған. Жалпы салмағы – 5 грамм. Бұл деректер бойынша құзырлы органдарға хабарланды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓