Белгілі дәрігер есімі көшеге беріледі
Бүгін Қостанайда белгілі балалар ортопед дәрігері болған марқұм Дмитрий Герасимовтің есімімен облыс орталығының бір көшесін атау жөнінде қоғамдық тыңдау өтті. Бұған дейін қалалық мәслихатқа жұртшылықтан ақ халатты абзал жанды мәңгілікке есте қалдыру үшін қала көшелерінің біреуін атау жөнінде ұсыныс хат түскен екен.

Жиналғандар осы жылдың басында дүниеден өткен білікті дәрігерді өз ісінің білгірі, талай жанды ажал аузынан алып қалған тәжірибелі оташы маман ретінде білетіндерін айтып жатты. Кейбірі, тіпті, облыстық балалар ауруханасына доктор Герасимов есімін беру артық еместігін білдіруде. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Иван Клименко жерлесіміз Дмитрий Герасимовты көптен танитынын, оны шетелдердің озық емдеу орындарына қызметке шақырған ұсыныстардан бас тартқан нағыз патриот болғанын жеткізді.


Ш.Қоңқабай,
Суреттерді түсірген Б.Ахметбеков