Міндет бәріне ортақ
Облыс әкімі А.Мұхамбетов барлық деңгейлі әкімдермен кейтілген мәжіліс өткізді. Онда алты мәселе қаралды. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Алма Жүсіпова өткен жыл бойынша төртінші деңгейлі бюджеттің орындалу барысы туралы баяндады.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстағы халық саны екі мың адамнан аса 45 ауылдық округінде мемлекеттік бюджеттің төртінші деңгейі ретінде жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеті енгізілген болатын.
– Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізгеннен кейін бір жылдан соң 2020 жылдан бастап қалған 195 ауылдық округін дербес бюджетке көшіргенде барлық проблемалар мен кемшіліктерді ескеру үшін 2018 жылдың қорытындысын шығару қажет. Бюджеттің IV деңгейінің өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік жоқтығы байқалды. 45 ауылдық округі өз кірістері есебінен шығындарын қаржыландыруды қамтамасыз етпейді. Яғни, жеке кірістердің жетіспеушілігі субвенциялар мен нысаналы трансферттер тәрізді аудандық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен өтеледі. 2018 жылы аудандық бюджеттен бөлінген осы трансферттер жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджет түсімдерінің жалпы көлемі 71,7%-ке жетті,-деді Алма Жүсіпова.
Осылайша, барлық 45 ауылдық бюджеті субвенциялық негізге жатқызылды. Яғни ауылдық бюджеттер аудандық бюджетке тәуелді. Жергілікті жерлерде жеке салықтар жинауды ұлғайтуға және салық салынатын базаларды кеңейтуге немқұрайлы қарайды. Субвенциялықтың орташа көрсеткіші 44,5%-ке тең.
Биыл бюджетке тәуелділіктің ең төменгі көрсеткіші Әулиекөл ауылы (0,6%), Жітіқара қаласы (1,2%), Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі (13,5 %) және Затобол кентінде ( 17,7 %) байқалды.
Ал Науырзым ауданының Қарамеңді ауылдық округі (89,2%), Қарасу ауданының Октябрь ауылы (88,2%), Таран ауданының Майский ауылдық округі (84,5%) және Федоров ауданының Банновка ауылдық округі (83,3%) жақсы нәтижеге қол жеткізген.
Кеңесті қорытындылаған облыс әкімі есепті кезеңде жауапкершілік үдесінен шыға алмаған біроқатар ауылдық округ әкімдеріне сөгіс беру туралы ұсыныс енгізді. Ал, екі ауылдық округтің әкімі жұмыстан босатылды.
Толығырақ газетіміздің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.