Кен өндірушілермен кездесті

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері Қостанай облысына жасаған сапарының екінші күні Рудный қаласына барды. Астаналық меймандар Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінің кадрларды оқыту орталығының жұмысымен танысты. Орталық директорының міндетін атқарушы Илья Порхоменко айтқандай, қазір мамандар 7 бағыт бойынша оқытылуда.
IMG_6300
– Кадрларды оқыту орталығы біліктілікті арттыру, жұмыстағы техникалық сақтандыру, жарақат алудың алдын алу, көшбасшылыққа баулу секілді бағыттарда жұмыс істейді. Орталықта барлық жағдай жасалған, техникалық жарақтандырылған. Өткен жылы 51643 маманды қайта оқытып шығардық. Оның 3831-і тәжірибеден өткен мамандар, – деді Илья Порхоменко.
IMG_6357
Гүлшара Әбдіқалықова мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев сапар мақсатын түсіндіріп, жұмысшылардың сауалдарына жауап берді. Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі жұмысшыларының орташа жалақысы – 220 мың теңге. Ал экскаваторлар жоспарды орындағанда 320 мың теңгеге дейін алады. Ең бастысы, айлық жалақы ешқандай кешікпейді, уакытында беріледі. Жұмысшылар барлық әлеуметтік пакетке ие болады
IMG_6655
– Еңбек дауларын біз күн сайын қарап, тексеріп отырамыз. Кәсіпорын мен жұмысшы арасындағы даулардың 30 проценті жалақы қарызына байланысты туындайды. Екіншісі, еңбек қауіпсіздігіне қатысты мәселелер. Осыған байланысты республикалық көрсеткішті төмендетуге қол жеткіздік. Алайда, әлемдік стандартқа жеттік деп айта алмаймыз. Жұмысберушілер инфляцияға байланысты жалақыны өсіріп отырғандары жөн. Соңғы 10 жылда жалақы 2,5 есеге өскен. Бұл тұрғыда Қостанай облысы жақсы жұмыс атқарған, – деді Гүлшара Әбдіқалықова жұмысшылардың еңбектеріне сәттілік тілеп.
IMG_6627
IMG_6602
Үкімет делегациясының Рудныйдағы сапары «Горняк» мәдениет үйіндегі жиында жалғасты.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓