Еңбек өнімділігі артпақ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізді.IMG-20180810-WA0047
 Жиында облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Министрдің сөзінше, АӨК дамыту бағдарламасы аясында еңбек өнімділігі мен өңделген өнімдерді экспорттауды 2,5 есеге арттыру міндеті қойылған. Бағдарлама әлемдік нарықта пайда болатын жаңашылдықтарды есепке ала отырып, аграрлық секторға кешенді және жүйелі түрде көзқарас ұсынады және ол жобалық басқару арқылы жүзеге асырылады.IMG-20180810-WA0052
Басқосуда қостанайлықтар АӨК өңірлік бағдарламасының тұжырымдамасын ұсынды. Спикерлер етті сүтті мал шаруашылығын дамытудың маңыздылығын атап өтті.Өңірлік салалық бағдарламалар негізінде бордақылау алаңдары 10 жыл ішінде 3000 астам отбасылық ферма құрылып, ірі қара мал саны 150 мыңға артады деп жоспарлануда. Қойлардың саны 300 мыңғадейінкөбейеді.
Іс-шара өңірдегі тауар өндірушілердің өзекті мәселелерін талқылау және пікір алмасу форматында жалғасты.
Одан кейін кездесуге қатысушылар өндірістік қуаты тәулігіне 25 тонна сүт өндіретін «Олжа Садчиковское» ЖШС сүтті-тауарлы фермасында болды. Консервантсыз барлық өндірілген өнімдер тек аталған өндірістің табиғи сүтінен жасалады. Кәсіпорын Қостанай және Рудный қалаларындағы балабақша, мектептер мен интернаттарды сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз етуде.IMG-20180810-WA0051
Элиталық тұқым сорттарын өндіру және сатумен айналысатын «Заречное» тәжірибелік шаруашылық ЖШС-не барған кезде, аграрлық ғылым бірінші кезекте жаңа технологияларды беру және олардың отандық жағдайларға бейімделуі мәселелерімен айналысу керектігін атап өтті. Бүгінгі күні «Заречное» тәжірибелі кшаруашылығының 30,7 мың гектар егіс алқабы бар, оның ішінде – 15,4 мың гектар егістік жерлер, 12,2 мың гектарда дәнді дақылдар бар.
Жиын соңында Өмірзақ Шөкеев агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік жән аймақтық бағдарламалардың табысты болуы агробизнестің қызметіне байланысты екенін атап өтті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓