Денсаулық министрі емдеу мекемесінде

Бүгін Қостанайға Үкімет басшысының орынбасары Г.Әбдіхалықова бастаған топпен бірге келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қаламыздағы №4 емханада болып, мекеме ұжымымен кездесті.WhatsApp Image 2019-04-04 at 15.44.17(1)
WhatsApp Image 2019-04-04 at 15.44.17Министр емдеу мекемесіндегі цифрландыру жүйесінің қалай жүзеге асырылып жатқандығын, алғашқы медициналық көме, кадр тапшылығы сияқты мәселелерді сөз етті. Емхананың бас дәрігері М.Бейсенова емхана ішінде орнатылған ақпараттық терминалдарды таныстырды. Айтуынша, бұл терминалдар арқылы әрбір емделуші өз бетімен дәрігерлер туралы, олардың қабылдау кестесі,  т.б. туралы мәлімет ала алады. Е.Біртанов емхана ұжымына сәттілік тіледі. Сапары барысында министр бүгін Қостанай және Меңдіқара аудандық ауруханаларына да ат басын тірейтін болады. Ал ертең Федоров аудандық ауруханасында болып, мекемелер ұжымымен кездесетін болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓