Екі мың отбасы көмек алды

ҚР Премьер – Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері Қостанай ауданында жиын өткізді. Сонымен қатар, жұмыс тобының құрамына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев, Білім және ғылым министрі К. Шәмшідинова, Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылығы істері бойынша Комитет төрағасы М.Жайымбетов, «Nur Otan» партиясының хатшысы Ф. Қуанғанов кірді.
WhatsApp Image 2019-04-04 at 15.19.08(2)
Гүлшара Наушақызы Қостанай облысының Затобол кентінде халықпен кездесуінде әлеуметтік қолдау бойынша шаралар халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының табысын арттыру мен қолдауға, тұрғын-үй мәселелерің шешуге, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсартуға бағытталғанын баса айтты.
Облыс басшысы Архимед Мұхамбетов айтқандай, Қостанайда «Бақытты отбасы» жобасы сәтті іске асырылуда. 2 мыңнан астам отбасыға материалдық көмек көрсетілді, сонымен қатар өңір жебеушілерімен 14 көпбалалы отбасыға үй мен пәтерлер сатып алынды.
Отырыстың қорытындысы бойынша аудандағы Мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған нақты шаралар қатары әзірленді.
WhatsApp Image 2019-04-04 at 15.19.07
WhatsApp Image 2019-04-04 at 15.19.08(1)
WhatsApp Image 2019-04-04 at 15.19.09
Үкімет мүшелерінің Қостанай облысындағы жұмыс сапары жалғасуда. Толық ақпаратты газетіміздің алдағы нөмірлерінен оқи аласыздар.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓