САУАПТЫ ІСТЕ ЖАРЫСҚАН Қала тұрғындары ауызашар беруде

Рамазан айының әр кешінде ораза ұстаған жамағат үшін облыстық, қалалық мешіттерде ауызашар беру жалғасып келеді. Сауапты істі Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бастап берді. Игі іске үн қосып, сауапты істе жарысқан кәсіпкерлер, әр саладағы қызметкерлер қайырымдылық шараларын да ұйымдастырып жатыр. Мешіт жамағатының шынайы ниетімен жайған дастарханы басында ақсақалдардан бастап, имандылықты серік еткен жастардың қарасы мол. Имамдар Рамазан айының берекесі мен қадір-қасиеті жайында тұщымды уағыздар айтады.1 (4)– Отыз күн ораза – тәрбие мектебі. Ол адамдарды жақсылыққа бастап, мейірімділікке баулиды. Бір-біріне деген қамқорлығын арттырады. Соңғы жылдары облыстық және қалалық мешіттерде ауызашар беру дәстүрі жақсы қалыптасты. Ауызашарда ораза тұтқан жамағатқа ислам дінінің қасиеті, Ораза ұстаудың маңызы жөнінде түрлі уағыздар айтылады. Ал, ақсақалдар жағы жастарға есті де ұлағатты сөздерімен бөлісіп, имандылық аясында ұйысуға шақырады. Нағыз өнеге деп осыны айтуымыз керек, – деді қалалық мешіттің бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлы.1 (6)

1 (1)Сондай-ақ, қалалық мешіттің алдына екі киіз үй құрылған. Шоқан қажының айтуынша, қалалық мешітке бір күнде 300-ден астам тұрғын келеді. 1 (2)

1 (3)

1 (7)

1 (5)

Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ

Суреттерді түсірген Алмас БАТЫРХАН

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓