Жағдай жіті бақылауда (мақалаға жауап)

       29.03.2019 ж. облыстық "Qostanai tany" газетінің сайтында «Амангелдіде су тасып жатыр (БЕЙНЕ)»  тақырыбында материал жарияланды. Хабарлауынша, Амангелді ауданының Бесқотан қыстағын су басқан. Мақала авторы жергілікті тұрғындар жасаған бейнеге сілтеме жасап, ауылды су басқанын хабарлайды.таскын
         Бейнежазбада далада қардың еруі салдарынан қарғын судың пайда болғанын көруге болады. Жақын жерде елді мекендер орналаспаған. Тұрғындарды су басу қаупі жоқ.
         Бейнеде көлік жүргізушісі жолсыз жолмен жүріп, батпаққа батып қалған деп болжаймыз. 112 телефонына құтқарушылардан қажетті көмек көрсету туралы хабарлама келіп түскен жоқ.
        Қазіргі уақытта Қостанай облысының оңтүстік аймақтары, яғни Амангелді және Жангелдин аудандары, сондай-ақ Арқалық қаласы толығымен қардан босатылды. Елді мекендер мен ауыл аумақтары және тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.
        Осы жылдың 15 наурызынан бастап, Төтенше жағдайлар департаменті жоғары дайындық режиміне ауыстырылды. Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу үшін Қостанай облысының оңтүстік өңірлеріне жедел топтар жіберілді. Облыс бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда.
        
Қостанай облысы ТЖД
ішкі және сыртқы
коммуникациялар тобы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓