“Назар аударыңыз, жүргінші!” жедел-алдын алу шарасы өткізілуде

ОІІД әкімшілік полиция қызметкерлері "Назар аударыңыз, жүргінші!" жедел-алдын алу шарасын өткізуде. Полицейлер жүргіншілер мен жүргізушілерді өзара түсіністікке, жолда жүру ережесін сақтауға шақырады. Әсіресе балалардың жолда сақ болуына баса назар аударуда.
гай
Облыс аумағында 15-16 маусым аралығында екі жол-көлік апаты тіркелді, онда бір адам жарақаттанып, бір адам қаза тапты. Екі жағдайда да жүргізушілер жүргіншілерді соғып кетті. 15 маусым күні Алматы-Екатеринбург автожолында Федоров ауданының аумағында 45 жастағы жүргізуші "Мерседес" машинасымен Қарабалық кентіне қарай келе жатқан 50 жастағы әйелді соқты. Жүргінші әйел оқиға болған жерде көз жұмды. Апат болған жерге келген полицейлер жол көлік апаты сызбасын жасап, жүргізушіні сот-медицина сараптамасына жіберді. Жүргізуші ішімдік ішпеген. Осындай оқиға Лисаков қаласында да болды.16 маусым күні кешкілік 43 жастағы жүргізуші "Шевролет Нива" машинасымен 12 жастағы баланы соғып кетті. Ол үйдің ауласынан көшеге күтпеген жерден велосипедпен шыға келген. Бала аяғынан жарақат алды. Сараптама жүргізушінің сау екенін көрсетті. Жалпы жыл басынан бері облыс аумағында 279 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апаттың салдарынан 45 адам қаза тапты, 364 адам жарақаттанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓