“Еңбек” бағдарламасы табысқа жетелейді

Шағын және орта бизнесті дамытуда несиенің пайыздық мөлшерлемесі маңызды рөл атқарады. Екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікті қаржыландыру – Қостанай облысында кәсіпкерлікті дамытудағы қолжетімді құрал. Атап айтқанда, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Аталған бағдарлама шарттары бойынша қостанайлық кәсіпкерлер несиені 6%-дық мөлшерлемемен алуда. Солардың бірі – Гүлшат Мергенова. IMG_5197Ол кәсіптегі жолын бастар алдында ұзақ жылдар бойы ішкі істер органында қызмет атқарған. Кейін зейнеткерлікке шыққан запастағы полиция подполковнигі кәсіп ашуға бел буған. Бизнестен еш хабары жоқ Гүлшат Мергенова табыс пен құлдыраудың қатар жүретінін білсе де, өз ойынан қайтпай, тек алға қарай ұмтыла білді. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінен дәріс алып, өз жобасын жүзеге асыру үшін "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 4 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Бағдарламаның жеңілдікті шарттарын пайдалана отырып,  экспересс-кофехана ашып өз жұмысын бастап кетті. IMG_5177
 
IMG_5206– Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жеке кәсібін бастап жатқан кәсіпкерлерге арналып жасалатын «Франшиза» бизнес жобасын сатып алған болатынмын. Бұл кординатор Данияр Турбаевтың ұсынысы болатын.  «АТФ банк» АҚ арқылы 5 жылға инвестициялық мақсатта несие алдым. Қаржы ас үйге қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға, жөндеу жұмыстарына жұмсалды. «Емшан» сауда орталығынан орталығынан «Your Time» кофеханасын ашып, іске қосып, кәсібімді бастадым. Бизнесті табысты жүргізу үшін уақытылы оған қаражат құйылу қажет, ал мұндай мүмкіндікті мемлекеттік бағдарламаға қатысу арқылы шешу қарастырылғаны қуантады, – дейді кәсіпкер Гүлшат Мергенова.IMG_5216
Айта кететін болсақ, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында бизнес ашуға және оны дамытуға 6 %-бен 19 млн теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік бар.
 
Әсел Қибаш
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓