Жалпықалалық сенбілік
Көктем келіп, жер қарая бастасымен қалалық билік жылдағы дәстүр бойынша жерлестерді бірінші жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысуға шақырды.
«Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ аппарат қызметкерлері көктемгі сенбілікке қатысты. Күрек, сыпырғыш, тырмамен "қаруланған" өрт сөндірушілер учаскені қоқыстан тазартып, көгалдарды ретке келтірді. Ғимаратқа іргелес аумақ та қамтылды. Осылайша, қаланың эстетикалық келбетін жақсартуға ерекше көңіл бөлінді.
Жалпы, Қостанайдың әрбір тұрғыны сүйікті қаласының тазалығын, тәртібін сақтауға үлес қосуды парыз сезінуі тиіс.
«Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі