“Жастар сарайы” ашылар күн таяу

Жаңа нысан мамыр айының соңына қарай халықаралық жастар форумы қарсаңында ресми ашылады. Аталған шараға Қазақстан мен Ресейдің белсенділері қатыспақ.жастар сарайы
Ұлттық-мәдени орталықтың құрылысына 2 млрд теңге жұмсалды. Сыйымдылығы кең мұндай нысан Қостанайда бұрын-соңды болмаған. Бұдан былай жаңа орталық бір уақытта 1000 адамды қонақ ете алады.
Құрылыс аяқталар күн таяу, әрлеу жұмыстары ғана қалған. Айтпақшы, "Жастар сарайы" бұған дейін мақсат бойынша пайдаланылды. Облыс әкімі А.Мұхамбетовтің халық алдында есеп беру жиыны осы орталықта өткен еді. 
Мәдени орталықтың ашылу салтанатын облыстық әкімдіктің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма жауапты. Мұның сыртында, Қостанай жастар ресурстық орталығы осы жаңа нысанға орналасады. 
"Ашылу рәсіміне, шетелдік қонақтармен қоса, мемлекет басшысы қатысады деп күтіліп отыр. Сарай ашылысымен жастарға қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастайды. Мұндай нысандардың елдегі бірыңғай тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Бұдан былай ЖРО міндетіне жаңа функциялар кіреді. Олар ХҚКО сияқты жұмыс істейді, бірақ жастарға ғана қызмет көрсетпек. Орталықта бос жұмыс орындары, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, гранттар туралы ақпараттар жинақталып отырады. Оның сыртында, осы жерде жастарға заңгерлер, психологтар кеңес бермек. Бизнес жоспарлар мен кез келген бастамаларға осы орталық қолдау білдіретін болады", – дейді облыс әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Марат Жұрқабаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓