Баға бақылауда
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлік субъектілеріне тауар нарықтарындағы бағалардың алыпсатарлық өсуіне жол бермеу туралы бірлескен үндеуі шықты.
Алыпсатарлық бағалар тәуекелі ең алдымен қажетті азық-түлік тауарларына, жоғары тұтынушылық сұранысқа ие (автомобильдер, ұйымдастырушылық техника, тұрмыстық химия заттары және т.б.), сондай-ақ мультипликативтік әсері бар азық-түлікке жатпайтын тауарларға (мұнай өнімдері, тауарлық және сұйытылған газ, көмір, мазут және т.б.) қалыптасқан жағдайда, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы халық үшін сауда мен қызметтер салаларының кәсіпорындарына, сондай-ақ отандық тауарөндірушілерге тұтынушылар тарапынан дүрлігуге және наразылыққа итермелемей қалыпты жұмыс режимін сақтауға шақырады.
Қалыптасқан макроэкономикалық жағдайда барлық бизнес-қоғамдастықтары мен мемлекеттік органдардың бір жағынан нарық субъектілері тарапынан алыпсатарлық, ал екінші жағынан – билік өкілдері тарапынан теріс пайдалану және негізсіз бақылау және санкциялық іс-қимылдар фактілерінің туындау тәуекелдеріне алып келмеуі тиіс бірлескен конструктивтік іс-қимылға күштерді жұмылдыру маңызды.
Монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілері бойынша тергеу ашуға құқылы.
Сонымен, тергеуді бастауға нарық субъектілерінің мынадай алыпсатарлық (немесе үстем жағдайды теріс пайдалану) фактілері алып келуі мүмкін:
– монополиялық жоғары бағаны белгілеу;
– өндiру немесе өнім беру мүмкiндiгi болған кезде сұранысқа ие тауарларды өндiру және өткізу бойынша негізсіз шектеулер енгізу;
– тауарды өнім айналымнан алып қою арқылы нарықта жасанды тапшылық жасау («Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының 13-бабы).
Сондай-ақ:
– тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа шарттарын белгiлеу және (немесе) қолдау;
– тауарларды өндіру мен өткізуді негізсіз шектеу («Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының 10, 11-баптары) бойынша нарық субъектілерінің келісімдері және (немесе) келісілген іс-әрекеттеріне тыйым салынады.
Мұндай іс-әрекеттерді жасау барлық монополиялық табысты тәркілеп (ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы) 3%-дан 5%-ға дейін айналым айыппұлдарын салуға әкеп соғады.
Бұдан басқа, аталған бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК-нің 221-бабы) көзделген.