Жағдай жоғарыдан бақыланды

27 наурызда Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.А. Карплюк, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығы азаматтық қорғау полковнигі Т.Б. Кәкімов, "Қазсушар" РМК ҚОФ директоры Д.Б. Әбдіқамитов, "Қазгидромет" РМК ҚОФ директоры Л.В. Кузьмина, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері бар комиссия құрамы Қостанай облысының оңтүстік өңірлерін (Арқалық, Амангелді, Жангелдин, Наурызым аудандары және Қарағанды облысының трансшекаралық аймағы Ұлытау ауданы) аумағына ұшып, су тасқыны жағдайын бағалалады.????????????????????????????????????Ұшу барысында Әулиекөл, Наурызым, Қарасу аудандарының қар жамылғысы кей жерлерде толық ерігенімен, қарлы аймақтартар ауданда әлі байқалады. Тасты су қоймасы акваториясының мұзы үстінде қар жамылғысы жоқ, еріген судың бүйір ағыны байқалмайды. Ақмола облысы маңындағы Есіл және Державин ауданында қар жамылғысы тұтас. Ашутасты және Ақжар су қоймалары мұзының үстінде кей жерлерде қар жауып, мұз жағадан кеткен.
Арқалық қаласының көрінетін айналаның аумағында 50-60% қар жатыр. Облыстың оңтүстік шекарасына жақындағанда қар мөлшерінің азайғаның байқауға болады және Екідің мен Амангелді аудандарының аумағында қар жоқ. Қарағанды облысының Ұлытау тау бөктерінің аудандарында щұңқырларда, шатқалдарда  қар бар.????????????????????????????????????Облыстың оңтүстік өзендері – Сарыторғай, Қараторғай мұздан босады, су таза, бұрылыстарда аздап мұз жиналған. Қардың толық болмауына байланысты жергілікті су ағысы байқалмайды, бірақ Екідің бекеттерінде (Сарыторғай, Үрпек, Қараторғай өзендері) су деңгейі жоғарылап, ағын байқалады. Су Қарағанды облысы жағынан келіп жатыр.????????????????????????????????????Амангелді ауданының солтүстігінде орналасқан барлық өзендер мұз астында тұр, кей жерлерде мұз үстінде ойықтар мен жиектер байқалады. Қабырға мен Торғай өзендері мұзбен жабылған, бүйірлік ағыстар байқалмайды, далада қар жоқ.????????????????????????????????????Наурызым ауданының Дәмді ауылы маңында жергілікті өзен қармен жабылған, арна кеуіп қалған, қардың еруі байқалады.
Сондай-ақ, осы аптада облыстың батыс өңірлерін (Рудный, Таран, Денисов, Жітіқара, Қамысты аудандары және Ресей Федерациясының
трансшекаралық аудандары) және солтүстік (Қарасу, Сарыкөл, Ұзынкөл, Қостанай) аймақтарын аралау жоспарланып отыр.
 
Қостанай облысының ТЖД
Азаматтық қорғау
саласындағы қауіп – қатерді
азайту және бақылау басқармасы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓