Қостанай облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер бұрын сотталған 32 жастағы Тобыл қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.Айыпкер облыс аумағында  4 рет пәтер тонады деген күдікке ілініп отыр.
Ол үйлерге терезелерді бұзу арқылы кіруге дәніккен. Мәселен, Заречный ауылында ол жеке үйге кіріп, сони плейстешиннің екі ойын консолін және 100 мың теңге сомасында ақша ұрлап кеткен. Тобыл қаласында үй иесінің 10 млн теңге тұратын зергерлік бұйымдарын ұрлап әкетсе, тағы бір пәтерден 500 мың теңге және алтын бұйымдарды қолды еткен.
-Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған 32 жастағы ер адамды ұстады. Ол негізінен жеке үйлерге ұрлыққа түсіп отырған. Ұрланған бұйымдар бұйымдар жартылай тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді, – дейді Қостанай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Ербол Қайырбеков.
Полиция ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ірі көлемде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оған 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓