Жиын арқауы – жаңа атау

Қостанайда  «Қазақстан-2050»  демократиялық күштердің аймақтық коалициясының кезекті отырысы өтті.  Алайда бұл жолғы мәжілістің орны ерек, мақсаты бөлек. Ол – елорданың  жаңа атауына қолдау танытуға шақыру. DSC_0629
   Жиында алғаш сөз алған аймақтық коалиция төрағасы Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың астананың атауын өзгерту туралы ұсынысы мерзімді және дұрыс шешім екендігіне тоқталды.
      – Қазір бүкіл әлем Қазақстанды дамыған, бәсекеге қабілетті, бейбітсүйгіш, экономикасы тұрақты, халқы білімді, жер бетіндегі алпауыт елдермен терезесі тең жағдайда пікірлесетін, дүниежүзілік қауымдастық тұтас санасатын мемлекет ретінде таниды. Мұның барлығы – елдің бағына туған Елбасының, Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегінің жемісі. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Өйткені бұл – балталаса да бұзылмайтын, тарихқа өшпестей таңбаланған ақиқат,- деді аймақтық коалиция төрағасы, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Михаил Дәуенов.DSC_0628
       Елбасының есімін ұлттың ұранына айналдырып, оны Астана қаласына беру – халықтың Тұңғыш Президентке деген құрметі мен бағасының айғағы. Сондай-ақ, бұл тарихи әділеттілік және қазақтың өзін-өзі құрметтеуінің жарқын көрінісі деп те бағалауға болатындығын айтты жиында сөз алғандар.DSC_0630
    – Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарихында тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаған, қазақтың мемлекеттілігін қайта жандандырған тұлға ретінде мәңгі қалады.Сол себепті, қазіргідей тарихи кезеңде қазақстандық қоғам бірлікті ту етіп, Елбасы шешіміне қолдау білдіруі тиіс деп есептеймін. Сондай-ақ, Тұңғыш Президентіміз анықтап берген жолымен жүріп, өзінің біртұтастығын көрсетуі қажет бірізділікке, ортақ істе күш жұмылдыруға шақырамын, – деді Қостанай облыстық мәслихатының  депутаты Еркін Әбіл.DSC_0679
     "Саяси сабақтастықты одан әрі жалғастыру,  маңызды межелерді іске асыру ортақ міндет" дейді саяси күш жетекшілері.
Шара соңында Үндеу қабылданды. Коалицияның Астана қаласына Тұңғыш Президенттің есімін беру жөніндегі шешімге қолдау білдірген Үндеуі – Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына, еліміздің әлемдегі дамыған, абыройлы, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналуына және халықтың әл-ауқатын еселеп арттыруға сіңірген ерен еңбегіне деген ерекше құрмет пен шексіз ризашылықты білдіретін заңды құбылыс. Елбасының стратегиялық бағытын қолдау кезіндегі біздің ауызбіршілігіміз бен ынтымағымыз қазақстандық қоғамның саяси және азаматтық тұрғыда кемелдене түскенін көрсететінін айтады аймақтық коалиция мүшелері.DSC_0687
 
Әсел Қибаш
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓