48 тұрғын өрттен құтқарылды

Төтенше жағдай 9 қарашада Рудный қаласындағы бес қабатты үйде түн ортасында болған. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. Без названияТүн ішінде тұрғындарды әбігерге салып, үрейін ұшырған тілсіз жау 1-қабаттағы пәтерде тұтанған. Куәгерлердің айтуына қарағанда, оқыс жайт диванның өртенуінен басталыпты. Салдарынан тынышы қашқан 48 адам ғимараттан тысқа шығарылды. Оның 8-і – бала. 
Алдын ала болжамға сенсек, өрттің пайда болуына темекі шегу кезінде оттықты абайсыз пайдалану себеп болуы мүмкін.
Тілсіз жау сағат 01.40-та анықталып, үш минуттан соң ауыздықталды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓