Қызылшаға қарсы екпе жүргізіледі

Қазақстанда 1 сәуірден бастап қызылшаға қарсы вакцинация жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.екпе
«Қазіргі таңда Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай көңіл көншітпейді. Сондықтан, бүгінгі таңда біздің қызметкерлеріміз алдын алу жұмыстарына баса назар аударып отыр. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде 4670 жағдай тіркелді. Оның ішінде балалардың қызылшаға шалдығуы 71 пайызды құрайды. Соңғы аптада елімізде 450 жағдай тіркелді», – дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қызылша көбінесе бес өңірде тіркеліп жатыр.
«Жалпы, қызылша барлық өңірлерде тіркеліп жатқанын атап өтуім керек. Ал бес өңірде өршу байқалады. Ең біріншіден, Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылы 1342 жағдай тіркелсе, Алматыда 84 жағдай, Шымкентте 700-ден астам жағдай тіркелді. Сол секілді Ақмола және Түркістан облыстарында осыған ұқсас жағдай. Сырқаттану көбінесе қызылшаға қарсы егілмеген балалардың арасында тіркеледі», – дейді ол.
Жандарбек Бекшин атап өткендей, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда жоғары тәуекел тобындағы адамдарға қызылшаға қарсы вакцинация жүргізіледі.
«Оның басты мақсаты – халық арасындағы иммунитет деңгейін көтеріп, қызылша ауруының тіркелуін тоқтату. Сондықтан, қазір вакцинацияға үш тәуекел топтарын енгіздік. Оның ішінде бірінші осы топқа енетіндер – 1 жастан кіші балалар. Яғни, 9 айдан бастап балаларға вакцина егіледі. Бұрын егілмеген, қызылшамен ауырмаған, 5 немесе одан да көп жыл бұрын тек бір екпе алғандарға да вакцинация жүргізіледі. Яғни, олар – 30 жасқа дейінгі азаматтар. Үшіншіден, медицина қызметкерлері. Себебі, баршамызға мәлім, бұл топтағы адамдардың аурулардың арасында жұмыс істейді», – деді Жандарбек Бекшин.  
 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓