Жеңіске түйілген жұдырық (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Бүгін Қостанайда кикбоксингтен КСРО спорт шебері Мұрат Бекежанов пен бокстан КСРО спорт шебері,  ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы «Сұлтан» спорт клубының негізін қалаушы Асылхан Бұсырмановты еске алуға арналған ел біріншілігі басталды. Бұл дәстүрлі турнир осымен жиырмасыншы рет ұйымдастырылып отыр. Біріншілікке еліміздің барлық өңірінен он екі команда, 350-дей былғары қолғап шебері қатысады. Биылғы чемпионаттың ерекшелігі – жарыс тек фул-контакт нұсқасы бойынша ғана өтеді. Жеңімпаздар ел құрамасы сапында жаздың күні Босния және Герцоговинада өтетін Әлем біріншілігіне жолдама алады. Одан кейін Анталияда фул-контакт жүйесі бойынша тағы әлемдік дода күтіп тұр. Үш күнге созылатын бәсекенің алғашқы күнін фоторепортажымыз арқылы тамашалай отырыңыздар:IMG_4103IMG_3795IMG_3729IMG_3731IMG_3741IMG_3737IMG_3714IMG_3694IMG_3759IMG_3784IMG_3767IMG_3649

IMG_4098IMG_4100IMG_4084IMG_3909IMG_3805IMG_3835IMG_3958

IMG_3588IMG_3823IMG_4062IMG_3868IMG_4099IMG_3691

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

 

 

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓