Русланға шұғыл көмек керек

Қарабалық ауданының Смирнов ауылында тұратын Руслан Жұмақанов мейірімді жандардың жәрдеміне мұқтаж. Жеткіншекке өткен жылдың қарашасында ауыр дерт жабысқан. Дәрігерлер оған "миелодиспластикалық синдром (қан лейкозы), рефлекторлық анемия" деген диагноз қойыпты. Бұл туралы аудандық "Айна" газеті жазады.руслан
Руслан емделудің алғашқы курсын елордадағы Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығының онкогемотология бөлімшесінде өткен. Енді оны сол емдеу орнында химия терапиясының 2-курсы күтіп тұр. Науқас жеткіншекті жеңілдік бойынша емдеп жатыр. Қасында үнемі қарайласып отыратын ересек жақындарының біреуі болуы керек. Алайда Русланның анасының аяғы ауыр, айы-күні жақындап отыр, сондықтан отбасы күтуші жалдауға мәжбүр. Ал оның қызметіне және қосымша шығындарға 300 мыңдай теңге қажет. Аудандағы "Мейірім мен үміт сәулесі" қоры әзірге 88 720 теңге тауып бере алды. Баланың әкесі маусымдық жұмыстағы адам, сол себепті қажетті соманы жинауға отбасы қауһарсыз.  
Аталмыш емдеу орталығы Русланды жеңілдік бойынша Түркияға жіберуге дайындалып жатыр. Ол жақта жеткіншекке донорлық жілік майы құйылмақ.
Көмек қолын созамын деген қайырымды жандар үшін шот деректерін қалдырамыз:
 
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Жұмақанов Руслан Жандосұлы
Карта 4390872203287786
Шот KZ116010002009934315
ЖСН 031009550343

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓