Алғашқы үштікте

Біздің облыс мемлекеттік сатып алудың көрсеткіші бойынша жергілікті қамтудың үлесі арқылы үшінші орынға шықты. "Бұл жақсы көрсеткіш, бірақ одан әрі өрістете түсу қажет" деп санайды Мемлекеттік сатып алу саласындағы жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі облыстық комиссияның мүшелері. Қазір осы мақсатта отандық тауар өндірушілер тізілімі және шығарылатын құрылыс өнімдері тізбегін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.гсм1
       Жергілікті қамту үлесі бойынша көш басында облыстың денсаулық сақтау және дене тәрбиесі мен спорт басқармасы (86%) тұр, екінші орында – білім беру басқармасы (78%), үшінші орында табиғи ресурстар басқармасы (73%) орналасқан.
        – Өңірдің мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесінің жалпы пайызы – 33%. Қостанай облысы жергілікті қамту үлесі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы және Маңғыстау облысынан кейін үшінші орында тұр. Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде құрылыс материалдарын өндірушілерге К-қосымшасы жіберілді. Нәтижесінде, 14 кәсіпорын құрылыс материалдардың түрлері бойынша бағалық ұсыныстарын жіберді. Олар – «БК-Строй» ЖШС, «СТС-Цемент» ЖШС, «Қостанай МБИ» ЖШС, «Қостанай-Бетон» ЖШС және басқа компаниялар. Бағалық ұсыныстар материалдарды құрылыс кезінде пайдалану мақсатында барлық мердігерлік компанияға жіберілді, – деді облыстық ӨКП директорының орынбасары Геннадий Кукоба.
         Геннадий Кукобаның айтуынша, отандық тауар өндірушілер туралы ақпараттың болмауы бүкіл үдерісті тежеп тұр.
         -Мәселен, «S.M.F.-SYSTEM» тоқылмаған материалдар фабрикасы» ЖШС полиэтилен құбырларын, геоторды шығарады. Көп адам мұны естіп, таң қалады, – дейді ол.
          Осындай жағдайлардың  алдын алуға отандық тауар өндірушілердің тізілімі көмектеседі. Тізілімде жергілікті фирмалар және олар шығаратын өнімдер туралы ақпарат қамтылады. Қазіргі таңда тізілім әзірленіп жатыр.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓