Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылды
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының Президенттері Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісімге салтанатты түрде қол қойды, деп хабарлайды Bnews.kz ақпарат порталы.
Бүгін Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары жаңа дәуірдің ең маңызды құжаттарының бірі – Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойды. Тұтастай алғанда құжат 4 бөлім, 28 тарау, 118 бап және 32 қосымшадан тұрады (барлығы 700 бетке жуық).
ЕАЭО 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайды деп күтілуде.