Орталық матч Қостанайда өтеді
"Ақтөбе" футбол клубының қосымша стадионының болмауына байланысты ҚР чемпионатының 3 турындағы орталық матч – "Ақтөбе" – "Қайрат" Қостанайда өтеді. Бұл туралы Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Матч 31 наурыз күні сағат 14:00-ге белгіленген. Өтетін орны – "Тобыл-Арена".
Айта кетейік, бұл стадионға 8, 10, 38 автобустарымен жетуге болады.