Несиелеу бағдарламаларына өзгерістер енгізілді

"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес компаниясы –"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-да – қолданыстағы заңнаманың өзгеруіне және жеңілдетілген несиелерге ауыл тұрғындарының қолжетімділігін кеңейту үшін бекітілген несиелеу талаптарына несие өнімдерін жетілдіру мақсатында бірқатар өзгерістер енгізілді.
"Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы бойынша шағын несиелеу" бағдарламасында мақсатты бағыттар мен мақсатты топтар кеңейтілді. Бұрын алынған несиелерді қайтар-ған клиенттер мен тірек ауылдарда жобаларды жүзеге асыратын қатысушылар үшін несие көлемі 5 млн. теңгеге дейін үлкейтілді. Сондай-ақ, "Жұмыспен қамту – 2020" бойынша ауыл тұрғындарын әрі қарай шағын несиелеу үшін шағын несие (шағын қаржы) ұйымдарын қаржыландыру бағдарламасы да өзгерді.
"Кәсіпкер" бағдарламасында қызмет түрлері кеңейтілді: ауылды жерлерде ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылық емес бизнес түрлері қаржыландырылады. Әлеуетті қарыз алушылардың сұраныстарына байланысты несиенің минималды сомасы 3 мил-лионнан 1 миллионға дейін азайтылып, қайта ашылатын/қайта ашылмайтын несие желісін ашу мүмкіндігі енгізілді.
Ислам даму банкімен жасалған  келісім-шарттың аясындағы несиелеу бағдарламасында сұраныстың болмағанына байланысты "Салам" несие өнімі жабылды. Сондай-ақ, "Мурабаха" несие өнімі бойынша мүмкіндіктер кеңейді: несиенің максималды сомасы 25 000 АҚШ доллардан 33 000 АҚШ долларына дейін көтерілді. Валюталық тәуекелдің өсуіне байланысты жылдық табыстылық үстемесі 9,5-тен 11%-ға дейін өсті. Тиімді табыстылық үстемесі 11,3%-дан аспайды.
Шағын жылыжайларды дамытуды несиелеу жөніндегі "Жылыжай" бағдарламасына да өзгерістер енгізілді. Әлеуетті клиенттердің сұраныстары мен ұсыныстарына байланысты бір қарыз алушыға берілетін несие сомасы 3-тен 1,5 миллион теңгеге дейін төмендеді.
– Қоғамның Директорлар кеңесі бекіткен өзгерістер ауыл тұрғындарын шағын несиелеу қызметтерімен кең қамтуға бағытталған, – дейді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Несиелеу департаментінің директоры Аслан Қасенов. – Қоғамның алдына 2020 жылға қарыз алушылардың санын 100 мыңға дейін жеткізу мақсаты қойылып тұр. Сонымен қатар, біз несие қоржынының сапасын да үнемі жақсартуымыз қажет.
Бұл жөнінде "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Сәлім
     МЕҢДІБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓