Ұсыныс қайта қаралады

костанай

Ономастика саласындағы уәкілетті орган – Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы хабарлайды.
Қостанай қалалық мәслихатының 20 наурыздағы  кезектен тыс сессиясында Қостанай қалалық мәслихаты депутаттарының Қостанай қаласында Абай даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына өзгерту жөніндегі бастамасы бірауыздан қолдау тапты.
Тиісті құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясына қарауға жіберілді. Десек те бұл ұсыныс ономастикалық комиссия мүшелерінен қолдау таппады.
Комиссия Назарбаев атына ұсынылған көшені қайта қарауды ұсынды. Осыған байланысты, Абай даңғылы өзгеріссіз қалдырылатын болып шешілді.
Алдағы уақытта облыс орталығындағы орталық көшелердің бірін Н.Ә. Назарбаевтың есімімен атау жөніндегі ұсыныстар азаматтардан түскен жағдайда, ұсыныс заңмен бекітілген мерзімде, ҚР заңдарына сәйкес қаралатын болады.  
 
Тілдерді дамыту басқармасы
 

You may also like...

1 Response

  1. Құрбанәлі айтты:

    Орталықтағы көшенің бірі – Гоголь көшесі. Бұл көшенің бойында Нұр Отанның екі ғимараты орналасқан. Осы көшені берген жөн. Ұлы ақынымыз Абайдың есімімен аталатын көшені ауыстыру ақылға қонымсыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓