Үздік отыздың қатарында
Қостанайлық студент Эздар Бейсенов 30 жас қазақстандықтың қатарына кірді.
Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенті Эздар Бейсенов «Экотренд: биологиялық ыдырайтын ыдыс-аяқ» жобасы үшін Президент грантын иеленді. Қостанайлық студенттің жобасы экологиялық таза және тез ыдырайтын ыдыс-аяқ өндіруге бағытталған. сонымен қатар Қазақстан мен бүкіл әлемнің қоршаған ортасына тиетін зиянды азайтады.
«Бірінші кезекте, менің жобам экологиялық мәдениет және ыдырау мерзімі қысқа экологиялық материалдарды насихаттауға арналған. Грантқа келетін болсам, бұл – мен үшін жақсы тәжірибе болды. Бәрі жоғары деңгейде өтті. Әрине, толқыдым», – деді Эздар.
Жеңіп алған 3 миллион теңгесін Эздар өзінің жобасын дамытуға жұмсамақ. Облыстық білім басқармасы Эздардың жеңіске жетуіне оның ұстаздары Ж.Контробаева мен В.Задорожнюктың кәсібилігі мен жоғары ұстаздық шеберлігі ықпал еткенін айтты.
Еске салайық, 8 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлерін марапаттаған болатын.