БАҚ-тың бағы мен бағыты қандай?
Қостанай қаласында "БАҚ трендтері, саяси технология, заңнама және әлеуметтік желілер" атты халықаралық медиа форум өтіп жатыр. Оған Қазақстанның және Ресейдің журналистері, сақа сарапшылар, майталман мамандар, танымал блогерлер, коуч-тренерлер, мемлекеттік органдар өкілдері, облысқа қарасты аудан-қалалардың ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері және тілшілері – барлығы 80 адам қатысуда.
Бұл, спикерлер айтқандай, шамамен, соңғы он жылда өтіп отырған маңызды форум. Маңызға ие болатыны – салада күрмеулі мәселе көп, ол технология дәуірлеген сайын өзекті, өткір болып келеді. Әл әлеуметтік желілерде ме, әлде әлі де болса дәстүрлі БАҚ-тың бәсі басым ба? Мессенджерлердің меселін басу қаншалықты қажет? Стихиялық сипатқа ие фейк-ақпараттарды қайтсе ауыздықтауға болады? Биліктің журналистикаға деген қатынасы, тілші беделі қандай? Қоңсылас елдер арасындағы мәжбүрлі мүдделестік нендей нәтиже беруі мүмкін? Осы секілді салмағы сан атанға жүк болар "жанды" мәселелер талқыға салынды.




Толық ақпаратты газеттің алдағы сандарынан оқи аласыздар.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков