Ардагерлерге құрмет

Қостанай қалалық балалар шығармашылығы үйінде республикалық "ҚР ҰҚК ардагерлер органдары" қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің көшпелі мәжілісі болып өтті.
ардагер
Жиын барысында "ҚР ҰҚК ардагерлер органдары" орталық кеңесінің төрағасы, отставкадағы генерал-майор Т. Айжулов ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлерін, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, тыл еңбеккерлерін, интернационалист-жауынгерлерді, соғыс пен еңбек майданына қатысушыларының жесірлерін әлеуметтік жағынан қолдау көрсету мәселесін көтерді.
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай аталған топтағы кісілерге әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерттей отырып, оларға нақты көмек көрсету жөнінде шешім қабылданды. Осы жиында облыс әкімінің орынбасары С. Бектұрғанов сөз сөйлеп, өңірдің экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуынан қысқаша есеп берді. Сөз арасында, ардагерлерімізге жергілікті билік тарапынан үнемі қамқорлық пен қолдау көрсетіліп отыратындығын, олардың барлығы назардан тыс қалмайтындығын жеткізді.
 
Гүлназым САҒИТОВА

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓