Сәлім Меңдібай: Сайлауға қатысу – азаматтық міндет

Сайлауға қатысты зиялы қауым өкілі, Қазақстан Жазушылар одағының  және Журналистер одағының мүшесі Сәлім Тоқмырзаұлы бүгін өтіп жатқан кезектен тыс сайлауға өз уақытында жасалған өте қажетті және  маңызды қадам деп баға берді. Бұл жағдайда дұрыс таңдау жасау да ерекше маңызға ие екенін айтты.images
«Сайлауға қатысу – біздің азаматтық парызымыз және әрбір қазақстандық үшін үлкен жауапкершілік. Сондықтан жауапкершілікті сезінетін, тұлға ретінде жеке шешім қабылдауға қауқарлы азаматтар ағымда болып жатқан оқиғаларға баға бере отырып, дұрыс таңдау жасайды деген сенімдемін. Мәселе кімге дауыс бергендігіңде емес, сайлауға қатысудың өзі демократияның бізге берген үлкен мүмкіндігі. Осы уақытқа дейін тәуелсіз,тыныш, бейбіт елде өмір сүріп келе жатырмыз. Оның негізін қалаған, осындай биік дәрежеге жеткізген – осы сайлау жөніндегі заң. Сол заңға сүйене отырып, өзіміздің мүмкіндігімізді пайдаланып, президент сайлауында бір кісідей дауыс беріп келеміз. Бұл жолы да өз дауысымды таңдаған кандидатыма бердім. Еліміздің көркеюі  мен жастардың болашағы үшін қазақ елінің өркендеуіне, сабақтастық дәстүрімізді сақтау үшін дауыс бердім деп ойлаймын. Қазақстандықтар бұл саяси науқанда белсенді болуы тиіс. Ең басты құндылық – бейбіт өміріміз бен егемендігімізді сақтау. Жұртымыз аман, заманымыз тыныш болсын!» – дейді С.Меңдібай.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓