Сергей Харченко: “Қазақ халқына деген сыйластық басым”
Әлеуметтік ғылымдар докторы, Қостанай облысының Құрметті азаматы, Журналистер одағының облыстық филиалының төрағасы Сергей Харченконың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев – халқының алдында сіңірген еңбегі үшін егемен Қазақстанның жылнамасына кіруі қажет тарихи тұлға.
– Ол Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін де елдің егемендгін сақтай алды, жаңа экономикалық саясат құра бастады, өндірісті дамытуға баса назар аударды. Өйткені мұндай қадамдар сол уақытта қиын болатын, шыны керек, көпшілігі жарқын болашаққа сенбеді. Ал Елбасы бізге мұндай шаттықты күнді сыйлады. Біздің қоғамда бірлік салтанат құрған. Мемлекет құраушы ұлтқа, қазақ халқына деген сыйластық басым. 58 жыл бойы Қазақстанда тұрған адам ретінде нық сеніммен айта аламын. Мұның бәріне Елбасының қосқан үлесі шексіз. Сондықтан да оның есімін облыс орталығындағы бас көшеге берген дұрыс шешім, – деді С.Харченко.
Айта кетейік, Абай көшесі Қостанай қаласындағы басқа бір көшеге ауыстырылады. Нақты қайда көшірілетіні қаралуда