Мәскеу мамандарына алғыс айтты
Архимед Мұхамбетов қостанайлық медицина қызметкерлеріне кеңес беріп, практикалық көмек көрсеткені үшін Мәскеу дәрігерлерінің бригадасына алғыс айтты.
«Ресей мен Қазақстанды ежелден достық байланыс біріктіруде. Біздің өңір Ресеймен шекаралас, қарым-қатынасымыз өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген. Бір ай бұрын Свердловск және Челябі дәрігерлері қостанайлық дәрігерлерге арналған видеолекциялар сериясын бастады. Бүгінгі күні 8 дәріс өткізілді. Екі апта бұрын, Мәскеу мэрі Сергей Собянинмен келісім аясында дәрігерлер біздің облысқа келді. Мұның бәрі табысты ынтымақтастықтың тағы бір көрсеткіші. Тек бірге, жалпы күш-жігермен, білімімізді, тәжірибемізді біріктіре отырып, біз бұл ауруды жеңе аламыз»,- деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.
Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, аймақта эпиджағдайдың тұрақтануы байқалады. Жедел жәрдем шақыртулары екі есе азайып, ауруханалардағы кереует жүктемесі төмендеген.