Жемқорлықтың алдын алудың шаралары жасалуда
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы облыстық филиалының басшылығы келісіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрғындар арасында түсіндіру шараларын ойластырды.
Бес институционалды реформаны жүзеге асыру жолындағы «100 нақты қадамда» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту туралы айтылған болатын. Бұл қоғам дертіне күрестің ең тиімді түрінің бірі оның алдын алу, заңнамалық ағарту жұмыстары болып табылады. Бұл орайда Қостанай облыстық қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызу іске кірісті. Департамент пен «Қазпошта» арасындағы келісім аясында сыбайластыққа қарсы бірнеше шаралар ұйымдастырылатын болды. Жергілікті жерлердегі азаматтардың құқығы мен заңдық мүдделері тапталмау үшін «Қазпошта» акционерлік қоғамы мерзімді басылымдардың арасына ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мекенжайы, телефондары (Call-center – 1494, ақпараттық портал — 1494.kz, сайт -www.anticorruptionkst.kz, тел.8-7142-914-222, WhatsApp: +7-707-122-1494,) көрсетілген парақшалар қоса салынатын болды. Ол облыстағы 226 пошта бөлімшелерінің барлығына таратылады.
Ш.АҢСАҒАНҚЫЗЫ.