«Сабантой» өтті сәнімен
Бүгін қостанайлықтар татар-башқұрт халықтарының жыл сайынғы дәстүрлі сабантой мерекесін атап өтті. Бұрынғыдай көпшілік жиналған жоқ. Оның себебі белгілі де. Жалпы біздің өңірде Сабантой мерекесі жыл сайын көктемгі дала жұмыстары аяқтала бергенде, маусым айында тойланады. Халықтық мерекеге айналып кеткен оған тек татар-башқұрт этомәдени орталығының мүшелері жиналатын. Жыл сайын кең көлемде атап өтетін олар осы жолы бірнеше ғана адаммен атап өтуге тура келді. Аталған бірлестіктің «Ляйсан» вокалдық тобының концерті мен «Сабантойды» қостанайлықтар жергілікті телеарналардан және әлеуметтік желілерден ғана тамашалай алды.
Қостанайдағы «Достық» үйінің алаңында көрме ұйыдастырлып, онда татар, башқұрт халықтарының ұлттық тағамдары, ұлттық бұйымдары жайылды.
– Біз жыл сайын бұл мерекені кең көлемде атап өтуші едік. «Сабантой» – татар тілінде «жер өңдеу тойы» деген ұғымды білдіреді. Мерейлі мерекенің тарихы тым тереңде. Көктемгі егіс науқанын осылай ойын-сауыққа ұластырған. Яғни, сабантойды тойлаудың астарында егін бітік шықсын, жиын-терім мол болсын деген халықтың ақ тілегі мен арман-мұраты жатыр. Биыл елдегі жағдайға байланысты, дәстүрлі мерекені осылай атап өтіп отырмыз. Қонақтар шақырылған жоқ, сондықтан біздің мерекені онлайн телеарнадан тамашалай алады. Барлықтарыңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын, – деді «Дуслық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ринад Бектемиров.
Атап өткен жөн, іс-шараны «Дуслық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі ұйымдастырды.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.