Лисаков қаласында мешітке ұры түсті

Жақында Лисаков қаласындағы мешітке ұры түсті.  Күдікті әйелдер отыратын залдың терезесін сындырып,  оның темір торын кесіп алып тастаған. Мешіт ішіне енген ол  бірден имам отыратын бөлмедегі сейфті бұзып ашқан. Онда құжаттардан өзге ештеңе шықпаған соң, есепші отырған кабинеттегі темір жәшіктің құлыпын сындырған. Сөйтіп жаңа мешіт құрылысына жинақталған қаржыны қалтасына басып тайып отырған. MehetiҰрланған сомма аз ақша емес, 300 мың теңгенің көлеміндегі қаражат. Құдайдан қорықпай осындай қылмысқа барған қылмыскерді полиция қамауға алды.Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.Meheti_2
Ал жаңа мешіт құрылысы онан әрі қайта жанданды. Жалпы оның құрлысы 2014 жылдың маусым айнан бастау алған болатын.  Таза халықтың қалтасынан және демеушілер мен қалталы азаматтар жанынан шыққан қаражат есебінен бой көтеруде.
 
Дархан Аяпбергенов
Лисаков қаласынан

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓