Дирижерлер маршы
Елубай Өмірзақов атындағы филармонияда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дәулескер күйші, ұлт-аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Назымбек Молдахметовтің шығармашылық кеші өтті.
Кешке еліміздің түкпір-түкпірінен өнер иесінің достары жиналып, мерекелік іс шараның көрігін қыздырып берді. «Достарымды шақырамын» деген тақырыппен өткен шығармашылық жобаға дирижерлер: Оралдан Еркін Нұрымбетов, Петропавлдан Қайырлы Ғафуров, Астанадан Ерлан Бақтыкерей, Атыраудан Ержан Қитаров, Қостанайдан әріптесі Берік Оразалиев сынды талантты жандар қатысып, оркестрді сүймелдей отырып дирижерлік шеберлігімен көрермендерді тәнті етті.
Барлығы бір ауыздан өнер иесіне игі тілектерін айтып, дирижерлік маршпен «Сарыарқа» күйін орындап, думанды мерекені түйіндеді.
Сондай-ақ, кеште жергілікті ақын-композиторлардың шығармалары да орындалды.
Бұл жайында толық ақпарат «Қостанай таңы» газетінің келесі сандарында жарияланады.
Нұрболат МЕШІТБАЕВ
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай